Көне түркілер, Көне түркі халықтары — б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған деп пайымдалады. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкөлдің жағасы, Аңғара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрған. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкөл өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатқан”126. Яғни көне түркілердің жері мен оның шекарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Мақмұт Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Мысырға дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Мақмұт Қашқари анықтамасының дәлелі. Себебі, түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезар мен Ескендірді емес, ғұн патшасы Аттиланы “Құдайдың қамшысы” деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі – олар ағылшындар мен ғолландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ.
Кіріспе Түркі этнонимінің алғаш рет аталуы қытай Жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады . Қытайлар түріктердіғұндардың ұрпақтары деп санаған . Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік - батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап , ойрандап кететін болды деп хабарланады . Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты . Қытайлар түріктерді сюнну - ғұндар деп атаған . Ұлы қоныс аудару дәуірі ( II - V ғасырлар ) Қазақстанның , Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті . V ғасырда түркі тілдес теле ( тирек ) тайпалар Одағының саны көп топтары СолтүстікМоңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды , оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті .
VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава - билеушілері түрік тайпасының әулеттік Алшын руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті . Түрік этносының өзі қағанаттың құрылар алдыңдағы кезенде Ганьсу , Шығыс Түркістан және Алтайаудандарында II ғасырдан VI ғасырға дейін кезең - кезеңмен қалыптасты .
Түркі қағанаттың саяси - әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені – Жетісу . Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын . Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж жужаньдарға қарсы шығып , Тәуелсіздік мемлекет құрады . Дегенмен де , 51бЖ . жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады . 545 ж . теле тайпасының Ашина руы жужаньдарға қарсы күресті басқарады . 551 ж . батыр Бумын Қытайдағы Батыс Вэй патшалығымен бірігіп , жужань мемлекетінің талқандайды.
негізгі,кіріспе,қорытынды