1644 ж. Цзычэн бастаған көтерілісшілер Пекинге басып кіргеннен кейін Мин патшалығының соңғы императоры Чжу Ючжиян өзіне-өзі қол жұмсап, қаза болды. Маньчжурлардың әскері Қытай қорғанын күзетіп тұрған Мин патшалығының генералы У Саньгуймен бірігіп, көтерілісшілерге қарсы аттанды. Біріккен әскер Пекиннен көтерілісшілер армиясын ығыстырып шығарып, 1 мамыр күні Қытайда Цинь империясының орнағанын жариялады. Цинь империясы негізінен Мин патшалығы кезіндегі саяси жүйені нығайтты. Императорлық кеңес маньчжур ақсүйектерінен құрылды. Әкімш.-аумақтық бөлініс провинция, аймақ, округ пен ауданнан құрылды.
Объяснение:
1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.