1) Куликовская битва является первым шагом к освобождению русских земель от ордынской зависимости. Так же это возвышение Москвы, как столицы единого и независимого государства, объединяющего политического, военного и духовного центра страны. Беспримерный поход русских войск за Дон сделал Московское княжество признанным центром антиордынской борьбы. Противостояние Московского великого княжества с Мамаевой Ордой завершилось крахом последней. Дмитрий Донской не позволил Мамаю восстановить власть над русскими землями. 2) Литературные памятники: "Задонщина" "Сказание о Мамаевом побоище" "На поле Куликовом" (цикл стихотворений А. Блока.) "Дмитрий Донской" (Сергей Бородин исторический роман) "Куликово поле" (Шмелев)
Шайқас соғыс операциясының құрамдас бөлігі, ұрыс қимылдарының түрі. Жалпы мақсатпен бірлестірілген, белгілі бір әскер топтарымен (күштерімен) жүргізілетін және ортақ тапсырманы орындауға бағытталған неғұрлым маңызды және қауырт ұрыстық соққылардың жиынтығы. 19 ғасырға дейін әскери қарулы күштер қазіргі кездегіден әлдеқайда аз санды болғандықтан, шешуші соғыс қимылдары белгілі бір аймақта жүргізіліп, кейде бір Шайқастың өзі армияның ғана емес, тіпті мемлекеттің тағдырын шешетін еді. Жаңа жағдайда Шайқас бірнеше ұрыстар мен айқастардың жиынтығын білдіру үшін қолданылады. Мысалы, 1813 жылғы Лейпциг маңындағы халықтар шайқасы. Соғыс компаниясының, кейде тіпті соғыстың тағдыры шешілген неғұрлым ірі Шайқастар шешуші арпалыс делінеді. 19 ғасырдың орта кезінен бастап әскери терминге “операция” деген сөз қосылды. Шайқас, “Ұрыс” және “операция” деген ұғымдар синоним ретінде қолданылады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде екі жақтың ірі стратегия әскери топтарының күресі Шайқас делінді. Бұл Шайқастардың шешуші күштері болып майдандар бірлестігі (жаудың армиялар тобы) есептелді. Ұлы Отан соғысы кезіндегі айрықша ірі Шайқастар: Мәскеу шайқасы (1941 — 42), Сталинград шайқасы (1942 — 43), Курск шайқасы (1943), Ленинград шайқасы (1941 — 44), тағы басқа Шайқастың ұзақтығы 1,5 айдан (Курск шайқасы) алты айға (Сталинград шайқасы), тіпті үш жылға (Ленинград шайқасы) дейін созылған кездері болды. Операция шеңберінде барлық алғышеп бойынша немесе жеке бағытта бір уақытта не кезекпен жүзеге асырылатын бірнеше Шайқас болуы мүмкін. Шайқас жалпы әскерлік, әуе, әуе шабуылына қарсы және теңіз Шайқастары болып бөлінеді. Әскери іс-қимылдың мақсаты мен түрлері бойынша Шайқас шабуылды (оның ішінде қарсы) және қорғанысты болуы мүмкін. Қазіргі заманғы Шайқасқа батыл іс-әрекеттер мен табандылық, үлкен ауқымдылық және барынша оралымдылық тән. Соғыс өнерінде “операция” ұғымы пайда болғанша Шайқас армия іс-әрекетінің негізгі түрі болып саналған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку