ABAYMALGAZHDAROvvv
10.06.2021 02:26

Рассказать своими словами о роли гвардии в дворцовых переворотах, примерно как на 1,5 страницы​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Transylvania1
30.01.2021 15:40

Мақалада қоғам, демократиялық мемлекет жəне қалыптасу жолдарының жалпы қағидалары қарастырылды. XX ғасыр ғылыми прогресс, гуманизм мен демократияның орын басқан уақыты жəне адамзаттың гүлденген кезеңі деп анықтауға болады. Бірақ XX ғасырдың басында-ақ көптеген ойшылдар техникалық прогресс адамзаттқа жақсылықпен қатар, зұлымдықта алып келетінін, адамгершілік прициптерінің орнын материалдық құндылықтар жəне материалдық принциптер басатынын, ал ол, өз алдына, қоғамда қарама-қайшылықты тудырады деген пікірлер айтып кеткен. Көбінесе XX ғасырдың басын Батыстың рухани мәдениетінің күндылықчарыпың шарықтау кезеңімен байланыстырады. Феодалдық қатынастардың орнына келген бостандық, теңдік, құқық сияқты үғымдар еуропалық көзқарастардың негізін қалады. Бірақ сол кездегі қоғамды қатты сынға алған философиялық мектептер де болды. Еуропалық мәдениетті сынға алған марксистер, психоанализ өкілдері, прагматиктер жəне позитивистер болды. Оның себебі — демократия туралы біржақты анық пікірлердің болмауы жəне де жаңашалдыққа деген күдікпен қарау. Оның барлығы қоғамдық мəселелермен тікелей жəне тығыз байланысты. Автордың ойынша, қоғам адамдардың бірігіп өмір сүретін әлеуметтік ортасы

0,0(0 оценок)
Ответ:
FileoFISH
01.06.2021 02:38
Бекініс, қорған, қамал — тұрақты әскері, қару-жарағы бар, қажетті азық-түлік, т.б. нәрселермен қамтамасыз етілген, әскери-стратегиялық тұрғыдан маңызды, жау қоршауында қалған жағдайда ұзақ уақыт қарсыласуға мүмкіндігі мол әскери тұрақ. Ол теңіз (теңіз жағалауы) Бекінісі және құрлықтық Бекініс болып бөлінеді. Теңіз (теңіз жағалауы) Бекінісі әскери флот күштерінің шұғыл әрекет тірегі ретінде қызмет етеді. Мұндай Бекіністер құрамында теңізге, ішкі рейдтерге шығуға оңтайлы бірнеше (жабық) аралдар, сондай-ақ, қорғанысқа, кемелер мен қайықтарды жөндеуге, жабдықтауға қажетті құралдар болады. Теңіз жағалауында Бекіністік құрылыстар жүргізу, қорғану туралы алғашқы жазба деректер Филон Византийский (б.з.б. 3 ғ.), Витрувий (б.з.б. 1 ғ.), Аполлодар (2 ғ.), Вегеция (4 ғасырдың соңы — 5 ғасырдың бас кезі) еңбектерінде кездеседі. Құрлықтық Бекініс алғашында топырақ үйіндісімен, таспен, ағашпен, т.б. материалдармен қоршалған елді мекен түрінде болды. Ал көшпелілер әскерлері жылжымалы Бекіністер құру әдістерін қолданған. Кейін қалалық мәдениеттің өркендеуіне байланысты қорғаныс құрылыстары бар Бекіністер, қамалдар салына бастады. Мұндай елді мекенді, қамалдарды қорғау тұрғындардың өз күшімен жүзеге асырылған. Ертедегі мемлекеттер мен қалаларда әскер пайда болып, құрылыс өнерінің дамуы мен арзан жұмыс қолдарының (құлдар) көбеюіне байланысты көне қалалар айналасы мұнаралы қабырғалармен, ормен қоршалатын болды. Мысалы, парсылар астанасы Сузы үш қатар мұнаралы қабырғалармен қоршалған. Орта Азия мен көне Қазақстан жерінде де мұндай көп қатарлы Бекіністер аз болмаған. Олардың орындары ондап саналады. Б.з-дың алғашқы ғасырларында Сырдың оң жағасынан бой көтерген Сауран қаласының да бірнеше бекініс қабырғалары болған. Бекіністің сыртқы қоршауы құлаған жағдайда, ең соңғы кедергі есебіндегі тірек-қорғаны — цитаделі (гректерде — акрополь, римдіктерде — капитолий) салынған. Үлкен аумақты ел шетінен қорғауға арналған шекаралық Бекіністер Қытайда (Ұлы Қытай қорғаны), Мысырда, Ассирияда, Вавилонда, Иранда, Римде, т.б. елдерде қолданылған. Орта ғасырларда Батыс Еуропада ірі жер иелерінің қорған-сарайлары (замоктар), қорғандары күшейтілген қарулы әскері бар қалалар мен монастырьлар түріндегі Бекіністер пайда болды. Қорған-сарайлар ірі жер иелерінің тұрғын жайы мен қол астындағы халықтан алым-салық жинау, ұрыс қимылдарын жүргізу мақсатында жасақталған қарулы әскері орналасатын тұрақ қызметін атқарды. 13 — 14 ғасырларда тек Францияда ғана 50 мыңға жуық қорған-сарайлар, қарулы әскері бар қалалар мен монастырьлар болды. Оқ-дәрімен атылатын қарулардың пайда болуына байланысты (18 — 19 ғасырлардан бастап) теңіз жағалауындағы Бекініс қабырғаларының алдыңғы жағынан қосымша форттар салына бастады. 19 ғасырдың аяғында Бекініс құрылысына бетон және оқ өтпейтін құрылымдар қолданылатын болды. 1-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Еуропа территориясында әр түрлі дәрежедегі 150-ден астам Бекініс болды. Қару-жарақтар мен әскердің Бекіністерге топталуы қарсыластарға артиллериядан бастырмалата соққы беру арқылы бас көтертпей тастауына мүмкіндік беретін. Сондықтан, қарулы күштерді әр жерге бөліп орналастыру қажеттігі туындады. 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Бекіністер орнына әскери шептер өмірге келді.[1]
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота