Рим империясы құлағаннан кейін Батыс Еуропада орта ғасырлар дәуірі басталды. Бұл ұзақ жылдарға созылды. Империя жеріне енді солтұстіктен әр түрлі халық, тайпалар қоныстана бастады. Әсіресе солтұстіктен герман халықтары көптеп келді. Ал олардың мәдени деңгейі римдіктерге карағанда әлдекайда төмен еді. Сондықтан да римдіктер оларды "варварлар" деп атады. "Варварлар" ("жабайы") мәдениет көзін дұрыс түсінбегендіктен, Батыс Рим мемлекетіне қатты соққы беріп, антикалық өнер шығармаларын қиратты. Қалған өнер көздері римдіктер христиандінің қабылдағаннан кейін ғана өзінің әсемдігін, зәулімдігін сақтап қалды. Қиратылган мемлекеттер орнында бірнеше "жабайылар" корольдігі пайда болды, солардың ең мықтысы франктер мемлекеті еді.
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. [1]