

Объяснение:
Тербелмелі тектоникалық қозғалыстар. Көрініс беру масштабы мен ауқымы, жылдамдығы мен амплитудасы түрліше болып келетін және көрсеткіштерін белгігі бір уақыт өткеннен кейін өзгертіп отыратын, өзі етек алған өңірдің ішкі құрылысын өзгертпейтін (қатпарлы құрылымдар қалыптастырмайтын), тік бағытта ғана (жоғары-төмен) жүзеге асатын тектоникалық қозғалыс түрі. Екінші сөзбен айтқанда,тербелмелі тектоникалы қозғлыстар дегеніміз жер бетінің біршама ауқымды аудандарының өте баяу қарқында және бірте-бірте ойыса түсуін, немесе жоғары көтерілуін қамтамасыз ететін қозғалыстар. Олар көрініс берген өңірлерде түзілген тау жыныстарына қат-қабаттық пен реттілік тән, мұндай өңірлер теңіз және өзен кемерлерінің қалыптасуымен де сипатталады. Шартты түрдегі синонимі — эпейрогендік қозғалыс
Объяснение:
Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс