Антропогендік жер бедері – адамның іс-әрекеті нәтижесінде өзгерген жер бедерінің пішіні.
Оған палеолит, мезолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары, шеберханалары, аңшылық кәсібі кезінде қалдырған апандары, шұңқырлары мен үңгірлері, т.б. жатады. Қазіргі кезде Жер шарындағы құрлықтың 46 – 50%-ынан Антропогендік жер бедері байқалады. Мұндай жер бедері бейберекет және жоспарлы түрде қалыптасады. Бейберекет Антропогендік жер бедері адамдардың ауыл шаруашылығын, орман шаруашылығын игеру, тау-кен өндірісі, жол салу әрекеттері, сондай-ақ әскери іс-қимылдарының беталды жүргізілуі нәтижесінде пайда болса, ал жоспарлы Антропогендік жер бедері қоғамның мақсатына сәйкес, шаруашылық және әлеуметтік-тұрмыстық (азаматтық, өнеркәсіптік, әскери және инженерлік құрылыстар, т.б.) қажетінен пайда болады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку