1. Суға тамаша сүңгитін адам 20м тереңдікте бола алады. Осы тереңдіктегі теңіз суының гидростатикалық қысымы (ρтеңіз=1030 кг/м3)?
2. Азов теңізінің ең терең жеріндегі (14м) судың гидростатикалық қысымы қандай(ρтеңіз=1020 кг/м3)?
3. Ауданы 50 см2 цилиндр пішінді 2 л су құйылған ыдыстың түбіне түсіретін судың қысымы?
4. Еденге 50 Па қысым түсіретін ауданы 4 м2 кілемнің салмағы?
5. Мұнай толтырылған цистернаға 4 м тереңдікте, ауданы 30 см2 шүмек бекітілген.Мұнайдың шүмекке түсіретін қысым күші неге тең?
6. Тығыздығы 1000 кг/м3 сұйықтықтың ішіндегі 200 мм тереңдіктегі қысымы қандай?
7. Деңгейі 10 см, тығыздығы 1800 кг/м3 сұйықтың цилиндр пішіндес ылыстың түбіне түсіретін қысымын есептеңдер?