деңгей 1.Егер бөгде күштер 10 Кл электр мөлшерін ток көзінің бір полюсінен екінші полюсіне ауыстырғанда 30 Дж жұмыс жасаса , онда ток көзінің ЭҚК - і қандай болады ? 2.Аккумулятор мен гальвани элементінің негізгі айырмашылығы неде ? І деңгей 1.Егер мыс сымдарын көкөніске ( картоп , пияз , сәбіз ) немесе жеміске сұғып қойса , одан гальвани элементін алуға бола ма ? 2.Заряд бір нүктеден екінші нүктеге дейін орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1 кВ өрісте 400 мкДж жұмыс атқарды . Заряд неге тең ? І деңгей 1.20 нКл потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істеді ? 2.Мыс өткізгіштің екі ұшын бірдей күкірт қышқылының судағы ерітіндісіне батырса , онда электр тогы жүре ме ? Неге себебін түсіндіріз ?