1. Дифракциялық торға нормаль бағытта монохромат жарық түскен. Нормальға φ =36°48´ бұрыш жасайтын үшінші реттік максимум байқалады. Түскен жарық толқын ұзындығымен сипатталатын d тор тұрақтысын табыңыз. (Ж: d =5λ).
2. Анализатор поляризатордан келген жарық интенсивтілігін k=2 есе азайтады. Поляризатор мен анализатор арасындағы α бұрышты анықтаңыз. Анализатордағы жарық интенсивтілігі шығындары ескерілмейді. (Ж: α =45°).
3. Жазық толқын фронты үшін Френельдің 2-ші зонасының радиусы 2 мм болса, Френельдің 4-ші зонасының радиусын анықтаңыз. (Ж: r4 =2,83 мм).
4. Дифракциялық торға нормаль (sin φλ=600 нм монохромат жарық түскен. Тор тұрақтысы d=2 мкм болса, алынған спектр ретін анықтаңыз. Ж: mmax=1) бағытта толқын ұзындығы max =3.
5. Суретте көрсетілгендей толқын ұзындығы λ=0,5 мкм нүктелік S жарық көзі, радиусы r = 1 мм дөгелек саңылауы бар жазық диафрагма және экран орналасқан. Жарық көзінен саңылауға дейінгі қашықтық a = 2 м. Экрандағы Р нүктесі үшін саңылау Френельдің үш зонасын ашқан кездегі экран мен саңылау арасындағы қашықтықты анықтаңыз. Ж: b =1 м.