
Берілген мысалдардың синонимдері:
Сойылын соғу - жақтау, итаршы болу, сөзін сөйлеу;
шулау - дабырласу, даурығу, самбырлау, сампылдау, саңқылдау, сапылдау;
мазасыздану - жыбыршу, сабырсыздану, тықыршу, тынымсыздану, тыпыршу, шыбжыңдау, шыдамсыздану, шыжалақтау, шыжбалақтау, шыжбалаңдау, шыжбыңдау;
көңілі қалу - ренжу, беті қайту;
ұмтылу - кезену, қарману, оқталу, талаптану, талпыну, тырбыну, тырысу, ынталану;
жүрексіну - айбыну, қорқу, тайсалу, үрейлену, шошыну;
қараусыз қалдыру - оңаша қалдыру, назар аудармау, тастап кету.
Алып Ер Тоңға” - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға “Алып ер тоңға” дастанының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен.
Дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ол - біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің әміршісі. көреген көсемі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры, "Алып" - сақтармен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.