Дәстүр әр халықтың өмірі мен сол қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Кең байтақ даланы мекендеген халықта бір тіл, бір әдет-салт, бауырмалдық, қонақжайлылық қалыптасқан.
Қонақжайлылық – «қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі. Қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсынып, соған бір жасап қалу – ежелден келе жатқан ескі салтымыз. Қонақты ақжарқын көңілмен жақсылап күту – көргенділік, адамгершілік, азаматтық қана емес, тіпті міндет болған десек, артық айтқандық емес. Мұның бәрі де қонақжайлылық, меймандостық дәстүрді берік сақтау, оны бұзуға жол бермеу мақсатынан туындаған.
Ал бір ауылда той болып, не ас беріліп жатса, басқа ауылдар сол ауылға сусын ретінде, саба-саба қымызын артып апарып отырған. Әрине, мұндай дәстүрлер, біріншіден қасиетті дастарханды қадірлеу болса, екіншіден ақты, сусынды қастерлеу дәстүрі.
Объяснение:
Удачи в учебе!
Жоңғы – ағаш, мүйіз, металл бұйымдарын жону, өңдеу үшін қолданылатын, асыл болаттан жасалған құрал. Қос қолдап ұстау үшін екі басы екі тұтам ағашқа немесе мүйізге сапталады. Үйшілер мен арба, шана жасаушылар ағашты кептірерде әуелі қабығын Жоңғымен сыдырып тазартады. Ағаш өңдеуге арналған Жоңғының үстірік сүргі, аталғы, сарнауық, бүкір Жоңғы деген түрлері болады. Жоңғының тезден шығып кепкен уық, кереге, өре ағаштарға өрнек жүргізгенде қолданылатын ирек тісті түрлерін сарнауық деп, ал түзу сүргілей отырып, ойыс сызатты, дөңес қобылы өрнектер жасау үшін қолданылатын, арнаулы жүз отырғызылған түрін үстірік сүргі деп атайды. Ағашты, мүйізді қырып өңдегенде кедір жүзді, көбелі, қобылы Жоңғылар қолданылады