Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы.
Батыс Еуропадағы еуразиялық сілеусіндер популяциясына жойылу қауіпі төніп тұр
Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі ағзалардың өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке,бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады
лизосомы - одномембранные органоиды наполненные ферментами.
функции: благодаря одномембранной оболочке и ферментам, лизосомы могут поглощать вредные вещества и переваривать их без вреда для клетки. Коме того, лизосомы участвуют во внутри- и внеш-клеточном переваривании. Выполняют функцию автолиза (переваривание старых органоидов клетки)
центриоли - немембранные органоид имеющий вид трубочек, состоящих из белковых нитей. молекулу белков объединены в микротрубочки.
функции: образование веретена деления клетки. т.е. благодаря белковым нитям и их сокращению происходит оттягивание хроматид или хромосом к полюсам клетки при ее делении.
настоящая вакуоль - одномембранный органоид характерный для клеток растений. заполнен клеточным соком с различными веществами.
функция: распределение воды между цитоплазмой и клеточным соком. Благодаря легкости при накоплении жидкости, что связано с простотой строения мембраны, подерживает тургорное давление клетки.Накапливает некоторую часть питательных веществ для органоидов клетки.