Қан жасушалары — адам мен жануарлар организмдерінің тіршілігіне тым қажет қызметтер атқаратын қанның құрамындағы жасушалар. Қан жасушаларына: эритроциттер (қанның қызыл жасушалары), лейкоциттер (қанның ақ жасушалары) және қан табақшалары (құстар мен төменгі омыртқалы жануарларда — тромбоциттер) жатады. Сүтқоректі жануарлар эритроциттерінде ядро және көптеген органеллалар болмайды. Эритроцит цитоплазмасы құрамында қанға қызыл түс беретін, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысып, организмдегі газ алмасу процесін іс жүзіне асыратын күрделі белок — гемоглобин болады. Гемоглобиннің құрамына темір (Ғе) кіреді. Ал құстар мен төменгі омыртқалы жануарлар эритроциттерінде ядро болады. Лейкоциттер гранулоциттер (дәншелі, түйіршікті) және агранулоциттер (дәншесіз, түйіршіксіз) болып екі топқа бөлінеді. Гранулоциттерге эозинофилдер (жасуша цитоплазмасында ірі қызыл түйіршіктер болады), базофилдер (клетка цитоплазмасында көкшіл түсті түйіршіктер болады) және нейтрофилдер (жасуша цитоплазмасында қызғылт майда түйіршіктер болады) жатады. Гранулоциттердің ядролары бірнеше бөліктерден (сегменттерден) тұрады. Сондықтан, бұларды "сегментті ядролы лейкоциттер" деп атайды. Гранулоциттер фагоцитоз процесіне қатысып, қорғаныс қызметін атқарады. Агранулоциттерге лимфоциттер мен моноциттер жатады. Лимфоциттер — ірі дөңгелек ядролы, ұсақ жасушалар. Лимфоциттер өз кезегінде Т- лимфоциттер және В- лимфоциттер болып екі топқа бөлінеді. Т- лимфоциттер организмдегі клеткалық иммунитетке, ал В- лимфоциттер гуморальдық (сұйықтық) иммунитетке жауапты. Моноциттер — ядросының пішіні лобия тәрізді ірі жасушалар. Моноциттерден ұлпа макрофагтары дамып жетіледі. Қан табақшалары (тромбоциттер) қанның ұюын қамтамасыз етеді. Қан — сұйық ішкі орта ретінде жануарлар организміндегі жасушалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды мүшелерге, ұлпаларға, жасушаларға, ал организмде түзілген ыдырау өнімдерін, керісінше, бөлу мүшелеріне жеткізу, газ алмасу) қамтамасыз ету, заттарды тасымалдау, организмнің ішкі құрам тұрақтылығын сақтау, қорғаныс (фагоцитоз, антиденелер, ұю) қызметтерін атқарады.[1]
Мхи не имеют корней. Папоротники имеют множество придаточных корней, отрастающих от корневища (видоизменённого побега) .
2. Листья мхов микроскопичны, листья папоротников - вайи имеют сложное строение.
3. У мхов гаметофитом является взрослое листостебельное растение, у папоротников - заросток.
4. Мхи гаплоидны, папоротники - диплоидны.
5. У мхов фотосинтез идёт медленно. Мхи могут фотосинтезировать под снегом. Если температура холодного времени года близка к 0, то мхи остаются вечнозелёными.
6. Мхи - в эволюционном тупике ( невозможность размножения без воды) .
7. Тело мхов может быть представлено слоевищем (нет органов), как у Печёночников.
8. У мхов плохо дифференцированны ткани, у папоротников ткани специализированны.
9. У мхов споры находятся в коробочке на ножке, у папоротников - с обратной стороны вайи ( на спорофите) .
10. Жизненный цикл мхов проходит неразрывно от гаметофита и спорофита. У папоротников половое поколение - это отдельное самостоятельное растение (заросток) .
11. Некоторые мхи могут приводить к заболачиванию территории своего обитания.