evgenijpetrov
12.02.2021 13:54

Переведите текст без переводчика: отбасында әкенің орны бөлек. әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті . әке – үшін асқар тау. әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау ң парызы болмақ әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. өмірге келген ң әрбір сәтті қ әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті мұхаммед пайғамбарымыз. демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен. ақылы мен пайымы терең аналар үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «әкең ренжіп қалар», «әкең жіберсе, бара ғой», «әкеңе барып сәлем бер», «әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің тәрбиесіне ықпалы көп.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
630035
23.07.2021 14:16

Аяна: - Анашым,ал кітапхана деген не?

Анасы: - Кішкентай қызым менің.Саған қалай айтсам екен...Кітапхана бұл көптеген кітаптардың қоймасы.Онда неше түрлі кітаптар бар.

Аяна: - Тіпті ертегілер де ме?

Анасы: - Әрине,ботам.

Аяна: - Ал кітапханашы деген ше?

Анасы: - Кітапханашы деген сол кітаптардың орнын жатқа білетін,кітаппен дос және сен қалаған кітапты оңай тауып беретін адам.

Аяна: - Онда мен өскенде кітапханашы болғым келеді.

Анасы: - Әрине,сеннен білікті кітапханашы шығушы еді.

Аяна: - Анашым,мен сіз алып берген барлық ертегі кітаптарын оқып бітірдім,жаттап та алдым.Енді маған үлкендер оқитын кітап оқуға бола ма?

Анасы: - Саған әлі ерте.Тағы кітап оқығың келсе,бұл жолы кітапханаға менімен бірге жүр.

Аяна: - Алақай!

0,0(0 оценок)
Ответ:
makarovanasta201
15.06.2022 14:58
Ана. “Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады. Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы. Оқырмандарға белгілі жазушыларымыздың бірі Ғабит Мүсірепов ана туралы көп қалам тербеген. Оның бізге “Өлімді жеңген Ана”, “Ғазиз ана”, “Ананың анасы”, “Ер ана”, “Ақлима”тәрізді әңгімелері белгілі. Шығармашылығының басым бөлігі анаға арналғандықтан жазушының әйел адамға , анасына деген көзқарасы ерекше болғаны айқын байқалады. Менің де анам бар. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, әлпештеп өсірді. Мен анама ризамын.Мен мына өлең шумақтарын аяулы анама арнаймын: Нұрын шашқан күніміз, Айжұлдызды түніміз. Мәпелеген қамқоршым, Ана біздің гүліміз. Мен бұл сөзімді “Адам “адам” болғысы келсе, алдымен анасын құрметтей білуі керек” деп аяқтаймын. Себебі, анасын сыйламаған адам болып жарытпас.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота