Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы.
Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны 697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында.
Қоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдық орта температурасы 3,1 °C. Жылдық жауын-шашын көлемі 300 мм. Жаздың ыстығы 40 °C –тан асып кете алса, қыстың суығы – 50 °C-қа дейін төмендейді. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.
2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, қаланың халық саны 697,3 мың адамды құрайды. 2009 жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады – бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қалаға жасалған миграциялық толқындар негізінен Қазақстанның өзге аймақтарынан болады. Астана адам капиталын тарту жағынан және тұрғындарының табысы жағынан елдегі көшбасшы қала болып келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б.
Қаланың көрнекті жерлері
Сулы-Жасыл бульвар–Астананың жаңа алаңындағы көше Ақ Орда–Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Бәйтерек монументі – Астананың символы және басты көрікті жері Тәуелсіздік сарайы – дипломатиялық және басқа да халықаралық маңызды кездесулер өткізетін орын Бейбітшілік және келісім сарайы – әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының конгрессі өтетін жер Хан Шатыр – ірі сауда, ойын-сауық орталығы «Шабыт» шығармашылық сарайы – қаланың мәдениет және өнер орталығы «Қазақ елі» монументі – Қазақстан Тәуелсіздігінің символы