Ұлттық мәдениетіміздің бір тармағы ата-баба мұраларынан сыр шертетін, олардың қалдырған өнегесін кейінгі ұрпаққа танытар тарихи-мәдени ескерткіштер екені анық. Қазіргі таңда халықтың ұлттық санасы оянып, тарихи тұлғалардың танылуына, архитектуралық, археологиялық ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұраның бай дүниесіне ұмтылысы күн санап дамып жатыр. «Сыр – Алаштың анасы» экспедициялық тобы өткенге құрметпен қарап, бүгінгіні қадірлеп, келешектің қамын ойлауды, көпшілік халықтың санасына қайта жаңғыртуға жұмыс жасауда.
Жалпы тарихи жәдігерлер өте тарихтан сыр шертуші заттар болып табылады