Күн құлақтанып батса, ауа райы оңалуға тиіс.
Күн құлақтанып шықса, ауа райы суытып, жауын-шашын болуға тиіс.
Күн қораланса, қар қалың түседі.
Күн көзін бұлт шалса, қыс қарлы, жаз жаңбырлы болады.
Күн батарда көк жиек ашық болып, қызыл шапақ шашса, ауа-райы жылынады.
Күн көзі мұнартып шықса, ыстық көтеріледі.
Күн қызыл шапаққа оранып батса, ертеңінде ыстық болады.
Ай қораланса, қыс қатты болады.