fariza34
04.02.2021 22:40

5. Мәтіннен бірнеше сөйлемді «етістік+-ғанда, -генде, -қанда, -кенде» формасында жазып шығыңыз.

Тәуелсіз ел – экономикалық, мәдени, әлеуметтік бағыттары айқын ел. Шын мәнінде, ешкімге тәуелді болмау үшін мемлекеттің өзінің даму жоспары болуы тиіс. Республикамыздың дамуына арналған бірнеше бағдарламалар мен жоспарлар бар. Ол бағдарламалар: Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы, денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, тағы басқалар.
1993 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бағдарлама бойынша осы уақытқа дейін әлемнің маңдайалды университеттерінде мыңдаған жас білім алды. 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Серпін» бағдарламасы да ел жастарын қолдаудың бір жолы.
2017 жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Осы мақаладан кейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олар – «100 жаңа кітап», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары, «Туған жер» бағдарламасы.
«Туған жер» бағдарламасы - туған еліміздің тарихын тануға арналған бағдарлама. Елбасы жергілікті биліктің бұл бағдарламаны жинақылықпен және жүйелі¬лікпен қолға алуын тапсырды. Бұдан өзге «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар бар. Олар ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Анита1002
13.01.2023 08:28
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті халық алдында өзінің президенттік антын қабылдады. Елбасы Қазақстанның көк байрағын желбіретіп, тұғырлы елтаңбасын көкке көтерген кісі.Тәуелсіздігімізді жариялағанда, тәуелсіздік туын биікке көтерген де тұңғыш Президент. Президент-халық мақтанышы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстаның тәуелсіз мемлекеттің құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, оған жаңа Астана жасап, жаңа қала тұрғызған қасиет дарыған білімді қайраткеp
0,0(0 оценок)
Ответ:
Кама29102007
28.06.2021 08:58

Саяхат туралы диалог

- Оқу жылының аяқталуына да бірер күн қалды. Бекболат, сен жазғы демалыста не істейсің?

- Биылғы жылғы жазғы демалысты тағатсыздана күтіп жүрмін, себебі ата – анам туған күніме арнайы ағылшын тілін үйрену үшін Лондонға жолдама сыйлаған болатын.

- Не деген керемет сыйлық! Сен үшін өте қуаныштымын! Қашан жол жүрмексің?

- Маусымның бірінде жолға шығамын.

- Жалғыз өзің шетелге шығуға қорықпайсың ба?

- Жоқ, қорықпаймын, себебі мен жалғыз бармаймын, ағылшын тілін шыңдау мақсатымен қаламыздағы басқа мектеп оқушылары да менімен бір топта болады.

- Е, онда жақсы екен. Аман – есен барып келуіңе және біліміңді шыңдап келуге тілектеспін.

- Көп рахмет, Мәди. Бар ынта – жігерімді осы оқуға арнаймын ғой, себебі мен өз болашағымды шет тілдерімен байланыстырамын.

- Жақсы, көріскенше! Саяхатың жақсы өтсін!

- Рахмет, сау бол!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота